Гостиницы в Алматы
2017-06-16 17:58:32 206 0

"ЭКСПО" КӨРМЕСІ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ЭКСПО көрмесі - 1851 жылы алғаш Лондонда басталып, әлі күнге жалғасын тауып келеді. Биыл қазақ елі «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге мүмкіндік алды.

Бүгін сіздердің назарларыңызға 1992 жыл мен 2017 жыл аралығындағы әлемнің түрлі елінде өткен ЭКСПО көрмесінің 10-дығын ұсынамыз.

ЭКСПО-ның басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.

Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Дүниежүзілік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.

1) 1992 — Генуя, Италия

2) 1993 — Тэджон, Оңтүстік Корея

3) 1998 — Лиссабон, Португалия

4) 2000 — Ганновер, Германия

5) 2005 — Нагоя, Жапония

6) 2008 — Сарагоса, Испания

7) 2010 — Шанхай, ҚХР

8) 2012 — Йосу, Оңтүстік Корея

9) 2015 — Милан, Италия

10) 2017 — Астана, Қазақстан

Естеріңге сала кетейік, аталмыш көрменің жалғасқанына биыл 166 жыл. «ЭКСПО-2020» көрмесі БАӘ өтеді деп жоспарлануда.

Пікір жазу