Театр тарихы:
- Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театры 1955 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандық колхоз-совхоз театры негізінде ұйымдастырылды.
- Өнер ордасы өз шымылдығын тұңғыш рет 25 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясымен ашты.
- 1960 жылғы наурызда театр Қызылорда қаласына көшіріліп, 1967 жылы Нартай Бекежанов есімі берілді.
- 1970-1990 жылдары театрдың кәсіби деңгейі өсіп, өркендеген кезеңі болды.
- 1977 жылы режиссер Х.Теміров сахналаған В.Шекспирдің «Король Лир» спектаклі классикалық туындылардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Қазіргі кезде театрдың көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір.
Театр жетістіктері:
- Т.Әліпбай. «Исатайдың барында». Драма. ХІ Республикалық театрлар фестивалінде жүлделі ІІ орын.
- Ж.Аймауытов пен Б.Майлин. «Аласапыран». Драма. 2004 жылы Қостанайда өткен ХІІ Республикалық фестивальде жүлделі ІІІ орын.
- В.Вишневский. «Оптимистік трагедия». Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты 1968 жыл.
- СССР-дегі неміс, венгр, СССР халықтары драматургиясы фестивальдерінің лауреаты, ВЦСПС-тың туы және т.б. жүлделерге ие болды;


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS