Спорт

Геннадий Головкин әлемнің ең үздік бес боксшысының қатарына кірді

Қазақстандық Геннадий Головкин әлемнің ең үздік бес боксшының қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz. Рейтингті боксқа арналған танымал Boxingnews24.com америкалық спорт порталы жасады. Геннадий Головкин бұл рейтингте бесінші орында тұр. ТОП-10 тізімінің басында Флойд Мейвезер-кіші тұр, ал одан кейін Владимир Кличко, Гильермо Ригондо және Мэнни Пакьяо тұр.

Басылым қазақстандық боксшының кәсіби рингте 31 кездесу өткізіп, барлығын, оның ішінде, 28 рет нокаутпен жеңгенін жазды. Айта кетейік, бұл кездесудің 13-і титулға таласу жекпе-жегі еді.

Бұл жігіттің P4P аясында бірнеше жылға ТОП-3 қатарында болып, PPV-кездесулер (ақылы трансляциялар) өткізе бастайтынына сенімдімін. Рубионың Чавес-кішіге қарсы қалайша 12 раундқа дейін шыдағанын, Гилдың Баркер мен Штурмға қарсы 12 раунд шыдас бергенін көрдік. Маклиннің Мартинеске қарсы 11 және Штурмға қарсы 12 раунд қарсылық танытқанын көрдік, сонымен қатар Ишиданың Киркландты бірінші раундта нокаутқа түсіріп, Пол Уильямспен толық кездесу өткізгенін көрдік. Геннадий Головкин осы айтылған жігіттерді ауыр нокаутқа түсірді“, – деп жазады мақала авторы.

600_e251ff0e21a7a6da34c8d9962b4046c8

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_62909_51d672699ca05

Иван Дычко: «Мені Валуевпен немесе Кличкомен салыстырғаны ұнамайды»

116 рет оқылды27.06.2015
wZIzErx3UnZ7HIUImvhQdxKO

Геннадий Головкин Вилли Монроны нокаутпен жеңді (видео)

470 рет оқылды17.05.2015
IMG_6403

Геннадий Головкин «Тақтар ойыны» телехикаясының тұсаукесерінде (ФОТО)

970 рет оқылды25.03.2015
img

Мұстафа Өзтүрік жайлы деректі фильм жарыққа шықты

744 рет оқылды09.12.2014
golovkin_1

Геннадий Головкин «2014 жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанды

556 рет оқылды28.11.2014
головкин-690x459

Геннадий Головкин GGG брендін шығармақшы

586 рет оқылды23.11.2014