Иван Дычко әуесқой бокс әлемінде ауыр салмақты спортшылардың бірі. Ол Лондондағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылы Инчхонда өткен Азиаданың жеңімпазы.
- Боксқа қалай келдіңіз?
- Спортқа келуім барлық балалар сияқты болған шығар. Достарым спортпен шұғылданып, бокс залына бара бастады, мен де солардан қалмай барып жүрдім. Екі ағам да боксқа қатысып жүргендіктен бұл спорт түрі маған таңсық емес еді. Өзімді бокстан басқа жерде елестете алмайтын едім. Залға келгенде жасым небәрі 15-те еді.
- Жеңілген немесе өкінген кезіңіз…
- Маған 2012 жылы Олимпиадаға қатысу бақыты бұйырды. Ол додада мен қола алған едім. Германия, Канада, Англиялық спортшылармен үш кездесу өткіздім. Оны жетістік санаймын. Медаль алғаныма қарамастан, жартылай финалға өте алмағаныма өкінемін. 2013 жылы Алматыдағы әлем чемпионатында Магомедрасул Меджидов есімді Әзірбайжандық боксердан жеңілдім. Сол уақыт қайта келсе, өз қателіктерімді түзер едім.
- Алдыңғы жылы үйлендіңіз. Одан кейін өзгерістер болды ма? Жұбайыңыз жаттығуларыңызға не дейді?
- Ия, той өткен жылы болды. Әйелім спортқа қарсы емес. Ол маған тұрмысқа шыққанға дейін менің кім екенімді, және кімге тұрмысқа шыққалы жатқанын білді, мені әрқашан қолдайды. Үйленгеннен кейін ештеңе өзгерген жоқ. Той Рудный қаласында өтті. Қазір сол қалада тұрамыз. Өкінішке орай, бал айы болған жоқ. Себебі менің кестем өте тығыз еді.
- Сіздің ойыңызша боксшы өз шеберлігін қарапайым өмірде пайдалануы керек пе?
- Менің айтарым, күшіңді рингтен бөлек уақытта біреуге дәлелдеудің еш пайдасы жоқ. Менің өмірімде ондай оқиға болып көрмепті. Ашуымды сабырмен жеңетіндердің қатарынанмын.
- Сізді Валуевпен, Кличкомен салыстырып жатады. Бұл жайтқа не айтасыз?
- Бірде мен журналистерге, осы жағдай маған ұнамайтынын айтқанмын. Валуев салыстыруға келмейді. Ол өте үлкен. Кличко кішкене сымбаттырақ. Менің түсінбейтінім, біреуді басқа адаммен қалайша салыстыруға болады?! Мен ешкімге, маған ешкім ұқсамайды. Әркім өзінше ерекше.
- Спорт және отбасылық өміріңізде қандай жоспарларыңыз бар?
- Боксты тастау жайы ойлаған емеспін. Қазір әлемдік додаға дайындық үстіндеміз. 2016 жылғы олимпиадада жеңуге тырысамыз. Одан кейінгі жоспарды көре жатармыз. Отбасына келер болсақ, 19 маусымда қызы Мирославқа 6 ай болды. Әзірге басқа бала жоспарымызда жоқ.
- Қызыңыз туылғасын өзгердіңіз бе?
- Өзім салмақтырақ бола түскен сияқтымын. Жас жігіт емес, ер адам секілді ойлана бастадым. Бөбегміз анасымен бірге көп уақытын өткізеді. Ол өскесін міндетті түрде спортқа жіберемін. Өзін спорттан тапса тек қуанар едім.



Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS