Елді елең еткізген «Қазақстан дауысы» жобасында жеңіске жетіп, артынша продюсер Ұлықпан Жолдасовтың жобасы «Дауыс KZ» тобында өнер көрсетіп, кейін аз уақыт ішінде топтан кеткен Бауыржан Ретбаев көпшіліктің сүйікті әншілерінің қатарында. Халық оның дауысын ұнатса, бірі қарапайымдылығын алдыға тартып қолдауын аямаған-ды. Продюсерден түбегейлі кетіп, өнер жолын жеке жалғастыруды көздеген әншімен сұхбаттасудың сәті туды.
— Продюсерден кеткен Бауыржан қазір қайда жүр?
— Продюсерден кеткен Бауыржан өнерде, әрі қарай жұмыс жасау үстіндемін,яғни жеке әнші ретінде жаңа әндер жазылуда.
— Шығармашылыңда жаңа әндерден бөлек қандай жаңалық бар?
— Көптеген ақын, сазгерлермен бірге жұмыс жасап жатырмын, 10 ға жуық ән жазылды, екі әнге бейнебаян түсіреміз деген ойдамыз, одан кейін күзге дейін альбом шығару ойда бар.
— Басқа продюсерлерден ұсыныс түскен жоқ па?
— Түсе қойған жоқ.
— Ретбаев енді той әншісі болып кетпей ме?
— Жоқ, Ретбаев эстрада әншісі, әндерімнің барлығы эстрада жанрындағы әндер, тойға шықпайтын әнші жоқ десек те болатын шығар, анда-санда шақырғаннан кейін тойға барып тұрамыз.
— «Қазақстан дауысынан» алған 5 миллионды қалай жұмсадың?
— Жеңген 5 миллионды алдым, үй сатып алдым. Ал, өнер жолындағы қаржымды көтеретін демеушілерім бар.
— Экс продюсермен, топта бірге болған Бердібекпен ара қатынасың қалай?
— Ұлықпан ағамен де Бердібекпен де өте жақсы қарым-қатынастамыз,әлі күнге дейін әкелі баладай, ағалы-інідей жақсы қарым қатынастамыз, бір-бірін қазіргі таңда жек көреді екен деген сияқты әңгімелер естіп жатырмын,оның барлығы бос әңгіме,халыққа сенбеулеріңізді өтінемін дегім келеді.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS