Кино & театр

Мәдениет министрі қазақты масқара ететін фильмдерді атады

6 маусымда театр, өнер қызметі және киноөндіріс бойынша көркемдік кеңестердің алғашқы отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақты масқаралаған фильмдерді атады.

”Хозяева” болсын, “Уроки гармония” болсын, “Риэлтор” болсын көрген шығарсыздар, сын көтермейді. Енді адамда намыс болуы керек қой. Қазақ халқын масқара қылып көрсету кімге керек? Неге бізде Әл-Фараби, Шәмші Қалдаяқов туралы бірде-бір фильміміз жоқ. Бауыржан  Момышұлы туралы бір шағын сериал түсірдік. Неге көркем фильм түсірмейміз?”, – деді министр.

Осы ретте Мұхамедиұлы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы Дидар Амантайға ұлттық намысымызды қорғауымыз қажеттігін ескертті.

“Осы жерде көптеген драматург отыр. Сіздерге өтінішім бар, егер қызықты тақырыптарыңыз болса “Қазақфильмнің” есігі әрқашан ашық. “Қазақфильм” жекелеген адамдардың меншігі емес, белгілі бір адамдарды жинап алған. Солар ғана жаңа фильмдер түсіреді. Ал режиссерлерге (Қазақфильмге) жол жоқ. Бұлай болмауы керек. Сол режиссерлердің жыл сайын түсірген  филмьдері сын көтермейді. Тіпті, ол режиссерлерді біздер білмейміз де”,- деді ол.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Искакова

    07.06.2015 , 02:22

    Жолыныз ашык, ойыныз орындалгыш болсын!!!

Кино & театр
1 376 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

pogudxdkn2gab74mm.ba7d6845

«Рэкетир» фильмінің актері арықтаудың сырымен бөлісті

322 рет оқылды23.06.2015
88b00bfee714b34133ba0f1156f06937

Астанада «Сахнадан сәлем!» атты ІІІ халықаралық театр фестивалі өтеді

79 рет оқылды23.06.2015
00000000000000000000000000000000000000000

«Рэкетир» фильмнің жұлдызы жанкүйерлерін жанұясымен таныстырды

1 505 рет оқылды11.06.2015
cats1

«Аманат» фильмінің тұсауы кесілді

414 рет оқылды31.05.2015
IMG_1217

«Рэкетир-2″ фильмінің пресс-конференциясынан үзінді (ВИДЕО)

752 рет оқылды26.05.2015
IMG_1162

Ақан Сатаев, Баян Есентаева, Әсел Сағатова, Максим Акбаров «Рэкетир 2″ фильмінің тұсаукесерінде

1 183 рет оқылды25.05.2015