Бүгін әнші Кәмшат Жолдыбаеваның туған күні. Өнер иесі бүгін 27 жасқа толды.
Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы 28 қаңтарда Маңғыстау өңірінің «Форт Шевченко» қаласында дүниеге келген. 9-сыныпты бітірген соң ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алған. Кейін өнер жолын қумақ ниетпен Алматы қаласына келіп, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында ұйымдастырушы мамандығын иеленген. 3-курста оқып жүргенде «Кешью» тобының құрамына қабылданған. Кейін Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Эстрада» факультетіне ауысқан. «Парыз», «Ғашық жүрек-2″, «Тракторшының махаббаты» телехикаяларында, «Біржан Сал» фильмінде ойнаған.
Біз де әншіні бүгінгі туған күнімен құтықтаймыз. Зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыстар тілейміз. Осы орайда әншінің түрлі образдағы суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.















Гулден
28.01.2015 , 19:05
Оте талантты әнші
Альбина
29.03.2015 , 18:16
Камшат,мен сіздің өнеріңізді жоғары бағалаймын!Сізді сүйіп тыңдаймын. Сізге шығармашылық табыс бақыт тілеймін!!!