Шоу-бизнес

Балғынбек Имашев айтыспен қош айтысты

Былтырғы жылы «Алтын домбыраның» иесі атанған айтыскер ақын Балғынбек Имашев айтыстан кететінін мәлімдеді.

21 қазанда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында XIX ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ақындар айтысы өткен болатын. Сол айтысқа қатысқан танымал ақын Балғынбек Имашев осыдан кейін айтысқа шығуды доғаратынын айтты.

NUR.KZ тілшісі әйгілі ақынның аяқ астынан айтыстан кетуінің себебін анықтау үшін хабарласқан еді. Имашев шешімін «Қазір айтыста нағыз лайықты қарсыластардың қалмағандығымен» түсіндірді.

pogudxk8uc4vacvl8.f0b50790

Айнұр Тұрсынбаевамен айтысы кезінде ақын әйгілі «Той жыры» әнінің мақамына салып, өз ойын былай аяқтады.

Талдықорғанда тәтті күндер, тәтті күндер!
Бұл айтысқа шат күліндер, шат күліндер.
Осымен мен кетемін пенсияға,
Балғынбектің соңғы айтысы деп біліндер.

Ақынның өнерде бірге келе жатқан замандасы Айбек Қалиев досының мұндай мәлімдесін естіген кезде:

Неменеңе жетістің, бала батыр,
Шал ақындар азайып бұл айтыста,
Шала ақындар көбейіп бара жатыр.
Балғын досым қоштасып айтыспенен,

Айбек келіп ендігі жағада тұр, — деп Балғынбектің айтыстан кеткенін қимайтынын білдірді.

Айта кетейік, «Менің пірім – Сүйінбай» атты халықаралық айтыстың бас жүлдесін жергілікті ақын Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды. Оған жеңіл автокөліктің кілті тапсырылды.

Ал бірінші орын астаналық Сырым Әуезханға (1 млн теңге), екінші орын Айнұр Тұрсынбаеваға (700 мың теңге), қос үшінші орын Аягөз Серікқызы мен Қытай елінен келген Арзыгүл Қайымбекқызына (әрқайсысына 500 мың теңгеден) бұйырды.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

2015-10-22 21.33.34

Кәсібін ел естімеген қазақстандық жұлдыздар

1 448 рет оқылды22.10.2015
12142525_1628806990703379_2083330642_n

Атырауда Əсет пен Ақбидайдың тойы өтуде

1 558 рет оқылды22.10.2015
zhanar_dugalova_balaly_shagy

Жұлдыздар бала кезінде қандай болды?

1 427 рет оқылды21.10.2015
140485809f4be84a685e0b8fe753464a_1

Баян Есентаева күйеуімен бірнеше рет ажырасып кете жаздағанын айтты

3 080 рет оқылды21.10.2015
лого турквижн 2015

«Turkvizyon-2015» Ұлттық іріктеуі басталды

243 рет оқылды21.10.2015
PR20150925181601

Қарағандылық Биназир Ермағанбетова «Голос» жобасының үшінші кезеңінде

451 рет оқылды20.10.2015