Спорт

Қанат Ислам әлемдегі ең мықты компаниялардың бірімен келісімшартқа отырмақ

Қанат Ислам әлемдегі ең мықты компаниялардың бірімен келісімшартқа отырмақ. Бұл туралы кеше «Хабар» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында қонақта болған белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов мәлім етті. 

Бағдарламаны жүргізуші Ирак Елекеев Бауыржан Оспановқа көптеген спортшыларға қолдау көрсетіп жүргеніне алғысын айта келіп, Қанат Ислам туралы «Қазір Қанат Ислам қайда? Қашан әлем чемпионы болады? Чемпиондық атақтың ауылы қаншалықты алыс?» деген ел көкейінде жүрген сауалдарды қойған еді. Осы орайда Бауыржан Оспанов Қанат Ислам туралы жағымды жаңалығымен бөлісті.

«Ол — қазақтың ұлтшыл азаматы. Алла тағала талантты әр қырынан бере салған азамат. Мен Қанаттың отбасы, жанұясын жақсы білемін. Үлгілі отбасында туған, өнегелі азамат. Елім-жерім дегенде жанын беруге дайын азамат. Оның ақыл-ойы, күш-қабілеті бір емес, бірнеше мәрте әлем чемпионы болуға жетеді. Сондай-ақ сол атақты қорғап тұра алатын азамат. Өкініштісі, Қанат елімізге кішкене жайырақ келіп қалды. Бірақ, оның жеңісті жолдары алда. Бүгін айтпай тұра тұрайын, Қанат Исламның алдағы бәсекелеріне байланысты осы 3-4 күннің ішінде әлемнің ең мықты компанияларының бірімен келісімшартқа қол қойылады. Содан кейін Қанат әрі қарай кемінде екі айда бір рет жарысқа шығатын болады. Жеңіске бастайтын үлкен жол ашылады. Көп ұзамай Қанатпен қайта қауышып, бір-екі айда жетістіктерін еститін боласыздар», — деп атап өтті Бауыржан Оспанов.

97867

22366

Inform.kz

Пікір жазыңыз
Спорт
216 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_169750

15-жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы олимпиада чемпионы Юлия Липницкаяны басып озды

24 рет оқылды25.10.2015
img

Мағжан Шəмшідин дзюдадан əлем чемпионатында алтын медаль иеленді

47 рет оқылды24.10.2015
2015-10-24 11.58.47

Ең танымал отандық спортшылардың жары кімдер?

674 рет оқылды23.10.2015
450_562710b7eb7bf

Геннадий Головкин: «Мен Қазақстанды жақсы көремін»

339 рет оқылды22.10.2015
20151020120620

Қазақстандық Нұрсұлтан Мамаев ғаламшардың үздік спортшысы атанды

104 рет оқылды21.10.2015
илья ильин

Илья Ильин анасын қазақ тілінде құттықтады

276 рет оқылды20.10.2015