Кино & театр

Нұрсұлтан Назарбаев «Абай» операсын тамашалады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып қойылған «Абай» операсына барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Операның идеялық арқауы ретінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының тұлғасы алынған. Сценографияда соңғы техникалық жаңалықтардың пайдаланылуы және музыкалық шығарманың сюжетін заманауи тұрғыдан интерпретациялау қойылымды даралай түскен.

Үшінші премьералық опера спектаклінің басты орындаушылары қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Т.Мұсабаев, А.Ниязова, Ж.Тапин, сондай-ақ Армения халық әртісі Б.Туманян бар.

Қойылымды көрермен назарына қазақстандық-италиялық шығармашылық ұжым ұсынды.  Қоюшы дирижері  – «Астана опера» театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Бөрібаев, қоюшы режиссері – италиялық режиссер Д.дель Монако, режиссердің консультанты  – Қазақстан халық әртісі Е.Обаев.

Пікір жазыңыз
Кино & театр
173 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

5077f4aad3880f44a4ccee3ed6556d18

Халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевқа Арал қаласынан көше аты берілді

64 рет оқылды23.10.2015
12142252_932683936820188_1137015996_n

М.Әуезов театры V Халықаралық «Арт Ордо» фестивалінде бас жүлде алды

57 рет оқылды23.10.2015
AY4JdeJ2lX4

Алматыда халықаралық жастар кинофестивалі өтуде

33 рет оқылды23.10.2015
unnamed (7)

Елімізде «Адасқандар» атты фантастикалық комедия түсірілуде

102 рет оқылды17.10.2015
c02888ec9264d8be30346e08226fac69

«Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады

158 рет оқылды12.10.2015
7912888b2039ec6dcbe7a163c841b933

«Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

291 рет оқылды26.09.2015