Кино & театр

Алматыда халықаралық жастар кинофестивалі өтуде

Кеше Алматыда «Бастау» V халықаралық студенттер мен дебюттік фильмдер фестивалі басталды. Бес күнге созылатын байқау барысында қатысушылар өздерінің туындыларын таныстырып, кәсіби киноматографтар мастер-класс ұйымдастыратын болады.

Фестивальдің негізгі мақсаты — жалпы кәсіби деңгейді дамыту, олардың жұмысын қолдау және дамыту, түрлі жанрлардағы кинофильдер жасауға қызығушылықты арттыру.

Биылғы жылы «Бастау» фестивалінің бағдарламасына әлемнің 20-ға жуық елінен келген кино мектептерінің студенттерінің 170-тен астам ойын және деректі туындылары енгізілген.

Осынау байқауда іріктеу сынынан өткен 60 студенттің жұмысы бақ сынайтын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары қысқаметражды фильмдерді 5 күн бойы тегін тамашалай алады. Үздіктерді марапаттау рәсімі 25 қазанда өтпек.

«Биыл «Бастау» фестиваліне 5 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай байқаудың жеңімпаздарына бір миллион теңгеден екі грант берілетін болады. Жеңімпаздар бұл ақшаға ендігі жылы да өтетін осы фестивальге өздерінің туындыларын түсіріп, көпшілікке ұсынуға мүмкіндік береді. Айта кетейін, бұл байқауға өз фильмін түсіруді арман етіп жүрген кинематография саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен қарапайым киноәуесқойлар да қатыса алады», деді байқаудың директоры Сергей Азимов.

Түрлі жанрда сынға түсетін туындыларға Ресей, Германия, Бельгиядан келген режиссерлермен бірге студенттік қазылар алқасы төрелік етеді. Фильмдерді бағалайтын әділ қазылар алқасының құрамына Ресейдің халық әртісі, танымал сценарист Виктор Мережко, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов, германиялық продюссер Анна Вильгельм, Люксембургтен келген танымал режиссер Макс Джейкоб пен Ресейдің танымал актрисасы әрі тележүргізуші Анастасия Макииева бар.

Айта кетейік, байқауға Қазақстанның 18 жас пен 35 жас аралығындағы азаматтары, кинематография саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен жәй киноәуесқойлар да қатыса алады. Жобалар драматургия, визуалды шеберлік және сценарийдегі көтерілген тақырыптың өзектілігі бойынша бағаланбақ.

baq.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

5077f4aad3880f44a4ccee3ed6556d18

Халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевқа Арал қаласынан көше аты берілді

64 рет оқылды23.10.2015
12142252_932683936820188_1137015996_n

М.Әуезов театры V Халықаралық «Арт Ордо» фестивалінде бас жүлде алды

56 рет оқылды23.10.2015
unnamed (7)

Елімізде «Адасқандар» атты фантастикалық комедия түсірілуде

101 рет оқылды17.10.2015
Нұрсұлтан Назарбаев «Абай» операсын тамашалады

Нұрсұлтан Назарбаев «Абай» операсын тамашалады

172 рет оқылды12.10.2015
c02888ec9264d8be30346e08226fac69

«Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады

158 рет оқылды12.10.2015
7912888b2039ec6dcbe7a163c841b933

«Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

291 рет оқылды26.09.2015