Шоу-бизнес

Батырхан Шүкеновтың жаңа әндері үш альбом жазуға жетеді

 

Батырхан Шүкеновтың жаңа әндері үш альбом жазуға жетеді.

Бұл туралы музыканттың бауыры Бауыржан Шүкенов мәлімдеді. Оның айтуынша Батырхан Шүкеновтың  атына қор  ашу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бауыржан Шүкенов: «Қазір қор құру үшін қажетті жұмыстар жасалып жатыр. Алдағы уақытта оның бағытын, кеңестің толық құрамын жарияайтын боламыз. Қор арқылы Батырмен жұмыс істеген авторлармен іскерлік қатынастарды жандандырмақпыз.Оның орындауындағы шығармаларды әрі қарай түрлі ақылы қызмет көрсететін жерлерде заң бойынша тіркейміз. Барлық ақы Батырхан Шүкеновтың ұлының атына аударылады»,- деп Facebook желісіндегі парақшасына жазды. Сондай – ақ ол Батырдың екі бірдей студиясының алдағы жағдайына алаңдаулы екен. Бірі әлемнің әр қиырынан жиналған Мәскеудегі “BatyrFly” студиясы болса, келесісі оның үйіндегі студия. Оған да арнайы орын кажет екен.

Бауыржанның сөзіне сүйенсек, Батырханның артында үш альбомға жетерлік  еңбегі қалыпты. Барлық әндер жаңа,қазақ тіліндегі альбом жасауға да болатынын жеткізді. Көзі тірісінде әншінің жазған демо нұсқадағы әндері мен деректі фильм жасауға жетерлік бейнежазбалары көп екен.

Бауыржан Шүкенов ағасының музыкалық аспаптарын, костюмдерін, фотомұрағатын жинақтап көрме өткізуді жоспарлағанын жасырмады.

Естеріңізге сала кетейік, Батырхан Шүкенов 29 сәуірде Мәскеу қаласында жүрек талмасынан 52 жасында көз жұмды. 18 мамыр – туған күнінде алматылықтарға концерт ұйымдастырылды. Муз ТВ премиясында музыкантқа «Қазақстан мен Ресейдің музыкалық индустриясының дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы номинация берілді.

 

Пікір жазыңыз
Шоу-бизнес
219 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_16329

Жұлдыздар «Астана жұлдызы» туралы не дейді?

198 рет оқылды29.06.2015
Безымянный

Жүргенов «жұлдызды» түлектерін ұшырды

283 рет оқылды29.06.2015
collage

Эстрадамыздағы «Ең үздік қыздар тобына» дауыс беріңіздер!

2 171 рет оқылды29.06.2015
image_l

Бауыржан Ретбаевтың Ұлықпан Жолдасовтан кеткеннен кейінгі BAISTARS-қа берген сұхбаты

1 622 рет оқылды27.06.2015
68_main

Нұртас танымал қазақстандықтар арасынан Шүкенов пен Рымбаевадан басып озбақ

1 093 рет оқылды27.06.2015
24.06.2015-Gaushar-anhi

Әнші Гауһар Әлімбекова екінші әйел болмайтынын мәлімдеді

1 466 рет оқылды26.06.2015