Қазақстандық боксшы американдық Би Джей Флоресті жеңіп, уақытша WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанған болатын. Ол осы жекпе-жегінен кейін бірінші ауыр салмақ рейтингісінде 4 сатыға көтерілді деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетсек, былғары қолғап шеберлері арасындағы кездесу өткен демалыс күндері Лас-Вегасте өтіп, 12 раундқа дейін созылған еді. Қазылар алқасы 116:112 есебімен жеңісті Шүменовке берді.
Осылайша қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақ дәрежесінде WBA тұжырымдамасы бойынша уақытша әлем чемпионы титулына ие болды. Сонымен қатар, Шүменов ресейлік боксшы Денис Лебедев иелік ететін WBA тұжырымдамасы бойынша чемпион белдігіне міндетті үміткер атанды.
Тәуелсіз Boxrec.com рейтингісінде Шүменов 15-сатыға жайғасты. Ал Би Джей Флорес 9 сатыға төмен түсіп, 38-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, бұл Бейбіттің он алтыншы рет жеңіске жетуі.





Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS