Кітаптың ең бірінші тұсаукесері Шымкент қаласында өткен болатын. Жиналған көпшіліктің асыға күткен сәті мен жылы лебізін айтып жеткізу мүмкін емес. Жалпы елімізде мұндай кітапқа деген талпыныс пен авторға деген сый-құрметтің осы сипатта өтуін бұрын-соңды сезініп көрмеппін. Бұл кездесудің ерекшелігі- қыз-келіншектердің көп жиналуы болса керек.
Көп ұзамай бас қосу Астана қаласында да өтті. Алғашқы тұсаукесеріне үлгермей қалған жұрт, жан-жақтан ағылып бас қалаға да келіп жетті. Өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, алған жауаптарына риза болған оқырмандар сауалдарының жалғасын кітаптап табатындарына сенімді. Қолдарына тие салысымен алған әсерлерін жарыса жазып, көңілдерін ашық білдіріп жатты.
Әр оқырман кітаптан өзін іздейтіні белгілі. Жас қыздар жастық шақтың әлі түсініп үлгермеген сырларына жауап іздесе, келіндер отбасы, ошақ қасының тірлігін, әйелдер сұлулық сыры мен жарының көңілі жайлы сыры кетпеген сұрақтарын жаудырды. Қарт әжелер де өткен өмірінің айнасын көрді ме, ыстық алақандарымен бетімнен қайта-қайта сүйіп жатты. Мен үшін алдыңғы толқынның ризашылығын алудан асқан құрмет жоқ. Түйгенім соншалық көп болмаса да, көрген-білгеніммен, өмірден алып үлгергеніммен барынша бөлісуге тырыстым. Оқырмандардың осынша талпынысынан байқағаным, еліміздегі әйелдерге өзінің болмысын тереңірек тануға көмектесетін психологиялық кеңестер жиынтығы жинақталған кітаптардың аздығы. Бұл тұрғыдан өзімнің көздеген мақсатыма үлкен қадам жасағанымды және асқан жауапкершілікті талап ететін жолды бастағанымды түсіндім.
Ендігі бағыт Алматы қаласындағы бас қосу. Рухани қаланың рухы мықты ғой. Оқырмандармен бірге өзімнің де өрем биіктейтініне сенімдімін. 18- маусым, сағат 18:00-де, Гоголь көшесі 58-үй, мекен-жайында орналасқан Меломан «Grand» дүкенінде өтетін тұсаукесерге шақырамын. Сіздермен жүздесуді, сырласуды асыға күтемін!
Алғашқы оқырмандарымның жылы лебіздерін оқып, төбем көкке жеткендей болды. Жазбамнан өзін тапқан жандар болса, көздеген мақсатыма жеткенім осы шығар...
Өркен Кенжебек: «... Әдетте, әйелдердің басқа әйелді өзіне үлгі тұтып, жоғары санауы нәпсілеріне томпақ келетін нәрсе ғой, бірақ Ләйла оның бәрінен биік тұрғандай... Енді сол әйел қауымы ұнатқан Ләйланы ерлер қауымы да бірдей сыйлайды, "жынды әйел" (тараздың сленгіне сай жақсы әйел) халықаралық рейтингінің бес жұлдызын аямай беріп тастаған. Сол Ләйланы енді майда-пашақ бала-шаға да ұнатады. "Әйел бақыты" жүріп жатса, қарындастарымды экраннан жұлып алу мүмкін емес...
Ләйла әпкем міне “Менің екінші кітабым” деген еңбегін беріп жіберіпті. 12 жасынан бері жүргізіп келе жатқан жеке күнделігінен үзінділері бар, жолдасымен қарым-қатынасы, балаларға берген тәрбиесі, ұстаған диетасы, оқыған кітабы, туыстармен байланысы - бұл ақпараттың барлығын Гугл шешей білмейді. Автордың басынан өткен қиыншылықтар, өткен сынағы мен өмірлік тәжірибесінің сөз түріндегі сығындысы»
Ақбілек Әжібекова: "Кітаптан алған әсерім керемет! бірде жылап, бірде куліп, тіпті кейбір парақша бетінен өзім туралы оқып отырғандай болдым. Кітаптан туйгенім өмірде өз орныңды тауып, тұлға болып қалыптасу үшін, бәрі өзіңді сыйлап, суюден басталады екен. Жалпы қыз-келіншектерге қажет кеңестің бәрі бар. Барлықтарыңызға алып оқуларыңызга кеңес беремін. Р.s бұл кітапты сатып алған себебім, жас келінмін..."
Эльвира Ерғалина: "Былай қарасаң,Лəйлə бүгінгі заманауи əйел бейнесін бір кітапқа əдемі сыйғызған. Ол нəзіктігін де,тапқырлығын да, айласын да,қылығын да,мінезін де,білімін де,интернетін де,сұлулығын да,отбасын да,қызметін де,достарын да,туыстарын да,бəрін-бəрін қатар алып жүруге тиіс. Ешқайсысы бір-бірінен қалыс қалмау керек.
Қазақ тілінде жазылған санаулы ғана психологиялық кітаптың қатары сапалы оқулықпен толыққанына қуаныштымын.
Лəйлəнің ендігі кітабы көркем əдебиет болып,əр ситуация түгел жазылуын күтем..."
Майра Төлепберген: "Ләйлә, мен сіздің кітабыңызды оқып отырып күлдім де, керек десеңіз жылап та алдым, жақындарыңыз туралы жазғанда, өз туыстарыма деген сағынышым еселенді.
Бір жазбаларыңыз ойландырды, бірі мотивация берді, енді бірі мақсаттарымды айқындап бергендей...
Өзіңізбен бірнеше сағат отырып сырласқандай әсердемін.
Өмірде алыс болсаңыз да, кітабыңызбен талай арудың жақынына айналғандайсыз.
Шабыт қанатыңыз талмасын.
Сізбен тағы да сырласқым келеді, демек үшінші кітабыңызды күтемін..."
Жанат Бақыт: «Ләйланың кітабын оқып отырып, оның өмірдегі ұстанымын, көп мінезін өзіме ұқсаттым. Мен де сырттай сабырлы боп көрінгеніммен, іске келгенде мазасызбын. Қазір қалаймын ба, болу керек. Бір тауға шықтым ба, одан биікті көздеп тұрамын. Бір орында қалып қойсам, тоқырауға ұшырағандай сезімде болам. Тек алға ұмтыла берем, жаңа биікті бағындыра бергім келеді.
Ләйланың жолдасынан өзін бір емес, бірнеше саты төмен ұстауы, әр істе тек балаларының әкесімен ақылдасып отыратыны қатты ұнады. Кітапты оқып отырып, жолдасын қаншалықты құрметтеп, сүйетінін, күйеуінің арқа сүйер нағыз ер-азамат екенін, ал өзінің телеарнада "жұлдыз" болса да, отбасында сүйікті жар, аяулы ана екенін әдемі бейнелеген»
Әсел Ергеш: Кiтаптың ең соңғы бетi мен мұқабаның iшкi бетiне жазылған автордың кiрiспе сөзiн оқи салайыншы дедiм. Сосын, әлгі сөздi... Қазiр, әкесi туралы не жазыпты? Тағы не дейдi?,- деп отырып, бiраз беттi парақтап тастаппын. Ендi, мiне, аулаға баламен шықтым да, баланың ұйыктаған сәтiн пайдаланып, кiтап оқып отырмын. Не iстесем екен, бiр кiтап бастасам ба екен, әлде кәрiстiң сериалдарының бiрiн бе деп жүргенде қолыма түскен кiтап дер кезiнде оқырманын тапты. Рахмет сiзге, Ләйлә! Жазар көбейсiн! Әсерiммен оқып болған соң бөлiсуге уәде берем...»