Шоу-бизнес

Димаш Құдайбергенов миллионер атанды

Украинада өткен «Славян базары» ән байқауынан жеңіспен оралған Димаш Құдайбергеновты Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады.

Ақтөбе халқы Димаш Құдай­бер­геновті әуежайдан күтіп алды. Құшақ-құшақ гүл шоқтарын сый­лап, құрмет білдіді. Кейін жас әншімен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кездесті.

 Кездесуге әншінің ата-анасы, ата-әжесі мен ұстаздары, әндерін өңдеуші Бақытбек Зейнелов қатысты. Өңір басшысы өнерпаздың шығармашылығына сәттілік тілеп, алғыс хат пен 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

«Бұдан бес жыл бұрын Ди­маштың өнерімен таныстым. Сол кезден бері жанкүйерімін. Фести­валь туралы айтар болсам, 24 жыл­дық тарихы бар екен. Өнер сала­сының мамандары, ардагерлері Димаштың өнерін тамашалап, жоғары бағасын беріп жатыр. Бұл еліміздің, өңіріміздің беделінің асқақтағаны деп білемін», – деді өңір басшысы А.Мұхамбетов.

Димаш Құдайбергенов өткен жылы Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің «Академиялық ән салу» маман­дығы бойынша оқуды тәмамдады. Қазір Қазақ ұлттық өнер акаде­мия­сында «Эстрада өнері» факуль­тетінде білім алып жүр. Еңбек жолын Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияның әншісі болып бастады. «Бай­қоң­ыр­дың ашық дауыстары» халық­аралық фестивалінде  бірінші орынды, «Жас қанат» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Ялтада өткен «Шығыс базары – 2012» эстрада орындаушылары байқауында  бірінші, 2013 жылы Қырғызстанда өткен «Мейкин Азия – 2013» фес­ти­валінде бас жүлдені қанжыға­сына байлады. Жеңіспен басталып, жең­іс­пен жалғасып келе жатқан өнер жолында көптеген арман-тілектері бар. Ол қазақ атын әлемге танытқысы келеді. Қазіргі түсіп жатқан ұсыныстар да қомақты. Алда Францияда ән шырқап, Лос-Анджелесте тәжірибе жинай­ды.

«Мен бақытты адаммын. Ме­нің жұмысым – ән айту. Өнерім – менің өмірім. Сондықтан қиын, бос уақыт жоқ деген шағым айтпаймын. Бар күшімді білім алуға, ой-танымымды кеңейтуге арнаймын«, – дейді Димаш Құдай­бер­генов. Шығармашылық жоспа­ры да ұшан-теңіз. Ол Астана мен Ал­маты қалаларында концерт беруді ойлап жүр.

Димаштың Витебскіге баруына Ғазиза Жұбанова атындағы облыс­тық филармониясы қаржылай қолдау көрсетті.

10528-212-dimash_a_5_milion_te_ru

WI7fHSLrnkY

thumb_700x394_370f7aa2f2c08d601b8a6956d4b0b01a

8-mwqFVHWzQ

contest-vitebsk-slavic-bazaar-20150711-02-600x400

aikyn.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

c1Fgw2wREiw (1)

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаян түсірді

205 рет оқылды26.07.2015
unnamed (1)

«BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауының Қостанай облысы бойынша жартылай финалисті анықталды

30 рет оқылды26.07.2015
rCtI_EFafw4

Салтанат Бақаева екінші перзентін дүниеге әкелді

509 рет оқылды25.07.2015
xvKh0FEI4fk

Қазақстанның “рушыл” жұлдыздары

744 рет оқылды24.07.2015
19axcBvlQVo

Әншілер алматылықтарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық кеш береді

291 рет оқылды24.07.2015
EBNzC_zWsII

Ақбота Керімбекова көрермендеріне тосын сый әзірлеп жатыр

666 рет оқылды24.07.2015
БАСТЫ БЕТ
Responsive Menu Image Responsive Menu Clicked Image