Гостиницы в Алматы
2016-12-10 17:49:15 490 1

Дзюдо спортының ережесі өзгерді. Бұл туралы спорт журналисті Руслан Меделбек өз парақшасында жариялады.

Жаңа ереже бойынша дзюдода тек "вадзари "және "иппон" болады. Бұрынғыша "юко" деген ұпай берілмейді. Бұл әдіс "вадзаримен" теңестірілді. Екі "вадзари" бұған дейін бір "иппон" болса, енді екі "вадзари" "иппонға" теңестірілмейді. Бұрын төрт "шидо (ескерту)" алған балуанға жеңіліс жазылатын. Енгізілген өзгерістер бойынша үш "шидо" алған балуан жеңілген болып есептеледі. Екі рет аяқтан ұстаса "Hansoku Make", яғни бірден жеңіліс. Балуан 45 секунд ішінде шабуыл жасамаса "шидо". Күрес уақыты - 4 минутке қысқартылды.

"Татамидегі жарыс тіпті қызық болайын деп тұр", - дейді журналист.

Пікірлер

  • Алишер Асыкбек
    бул дурыс емес юка болуы керек еще 4шидо

Пікір жазу