Жаңалықтар

Қазақстан дзюдошылары тарихта болмаған жетістікке қол жеткізді

Қазақстан дзюдошылары тарихта бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Рүстам Ибраев пен Елдос Сметов финалға шықты, деп хабарлайды Businessnews.kz.

Жартылай финалда Ибраев моңғол Болдбаатар Ганбатқа қарсы шығып, жеңіске жетті. Финалдың екінші жолдамасы қазақстандық Сметовке бұйырды. Ол жартылай финалда жапониялық Тори Шишимемен белдесті. Бұл шайқаста да жеңіс қазақстандық дзюдошыға бұйырды.

Астанада өтіп жатқан чемпионаттың алғашқы күнінде қазақстандық екі спортшы алтынға таласады. Жекпе-жекті KazSport телернасы тікелей таратады.

Еске сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысушыларды іріктейтін кезеңдердің бірі. Турнир 30-тамызға дейін жалғасады. Шара барысында әйелдер мен ерлер арасында сегіз салмақ дәрежесі бойынша сайыс өтеді.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

Безымянный-2

Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi ме?

99 рет оқылды26.08.2015
ЕЛДОС СМЕТОВ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЕЛДОС СМЕТОВ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

54 рет оқылды24.08.2015
2015judo

Астанада дзюдо күресінен еліміздегі тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

41 рет оқылды24.08.2015
b0OckBesSS4

Әншілердің өмірі қаншалықты қауіпті?

1 235 рет оқылды15.08.2015
1xFyvZEymM0

6-шы «FourЭ» Эко-Этно Фестивалі

165 рет оқылды07.08.2015
1U6ZLSLF5Z4

Қазақстанда жүйкесі сыр бергендерді Қайрат Нұртастың әндерімен емдей бастады

2 053 рет оқылды02.08.2015