Гостиницы в Алматы
2017-08-09 12:19:21 26 0

ТАРАЗДА ПАРАЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫН ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Жамбыл полицейлері әлемдік рекордшы, 2016 жылы Риода өткен жүзуден паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Ғабидуллинаны тонап кеткен күдіктіні ұстады. Бұл туралы ec-sport.kz хабарлады.

“Осы жылдың 29 сәуірінде Зульфия Рахатқызы Тараз қалалық полиция басқармасына хабарласып, белгісіз адамдардың пәтеріне басып кіріп қымбат заттары мен ақшаны ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 1 миллион 350 мың теңге. Қазіргі таңда осы факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлайды ІІД.

“Біз қызымыз екеуміз үйде болмаған кезде ұрылар кірген. Менің де, қызымның да барлық заттарын алып кетіпті. Сірә, олимпиада медалін іздеп, бірақ таппай кеткен секілді. Біз ешқашан жасырмайтын құнды заттарды алып кеткен. Ал олар біздің итті электрошокпен құлатып тастаған, соған қатты қиналдық”, – дейді спортшы.

Айта кетейік, 2017 жылдың 31 шілдесінде қылмыстық іс сотқа жөнелтілген болатын.

Пікір жазу