Гостиницы в Алматы
2017-08-08 17:44:38 37 0

ФИРУЗА ШӘРІПОВА БОЛГАР БОКСШЫСЫМЕН ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҚҚА ТАЛАСАДЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова Астанадағы өтетін кездесуінде болгарлық  Милена Колевамен жұдырықтасатын болды.

Айта кетейік, Фирузаның қарсыласы тәжірибелі боксшылардың бірі. Соңғы жекпе-жегінде IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Светлана Кулаковамен жұдырықтасқан. Оған дейін ирландиялық Олимпиада чемпионы Кэти Тейлор, IBF нұсқасы бойынша чемпиондық атаққа ие Майво Хамадучемен (Франция) қолғап түйістірген. Қазіргі таңда Милена Колева әлемдік рейтингте Фирузадан жоғары тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Фируза Шәріпова шаршы алаңға шығатын бокс кеші 26  тамыз күні өтеді. Бокс кешінің басты кездесуіндегі жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Пікір жазу