Кино & театр

Алматыда ХI халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтуде

Кеше Алматыда ХI халықаралық «Еуразия» және І халықаралық «Шәкен жұлдызы» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.  Еуразия құрлығындағы ең үздік фильмді анықтайтын дәстүрлі кино мерекесі биыл «Ұлы Жібек жолы: Шығыс пен Батыс арасындағы үндестік» тақырыбына арналған.

 Алматы жылдағы дәстүр бойынша  шетелдік және отандық танымал актерларды қызыл кілем үстінде қарсы алды. Олардың ішінде ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, «Еуразия» КФ президенті Айман Мұсақожаева, Ресей әртісі Наталья Аринбасарова, кинофестивальдің бас директоры Рашид Нұғманов, қазылар алқасының төрағасы Абдеррахман Сиссако, режиссер Ақан Сатаев, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сағатова, Аружан Жазылбекова, шоумен Нұртас Адамбай және басқалар кештің құрметті қонағы болды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек арнайы келіп, ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Биыл аталған байқау аясында «Ұлы Жібек жолы» тақырыбының 10 картинасы ұсынылады. Бақ сынайтын 10 киноның біреуі отандық өнім. Ол – Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі.

Ал бүгін кинофестивалдің бірінші күні арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер өтті және презентациялар таныстырылды. Айтулы шара алдағы 4 күн бойы жалғасын табады. Жабылу салтанаты 25 қыркүйекте болады.

lX55QZnyijU

HLnxpdrKzJE

jwRJMx8CwOk

C_5MVBRtYF0

uIcVF3CVqYQ

MK5mWBBKzFA

e3luV7jTmJI

u9gQQX3Fxhs

6VY_kaVUrtM

aJhuMMksdmA

5lL7sIlvCIc

i0zfYLR37V8

u7eP2R2Gq4s

mJL786PGiX8

mZFB_M3R0xc

iGfzdYydmPc

IcGfSsSLGDY

 

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

header_toperkebulan-dayyrov-poluchil-premiyu-mmkf-2-300x169

«Шлагбаум» кинотуындысы отандық прокатқа шығады

56 рет оқылды23.09.2015
2015-09-18 10.10.30

«Мың бала» əртістері Мүсірепов театрына не бере алады?

336 рет оқылды18.09.2015
Days of Kazakh cinema in Tallinn_657_438_95

Түркияда қазақ киносының күндері басталды

245 рет оқылды16.09.2015
Shiv and Anandi at their Sangeet Ceremony in Balika Vadhu

Сүйікті «Келін» қайта оралады

687 рет оқылды16.09.2015
1a8bedbfa675d5e5831f9b4206ce2790

Данагүл Темірсұлтанова: «Өз қолымен ашқан Түркістан театрына атамның аты берілсе, әділдік болар еді «

271 рет оқылды11.09.2015
blogImage_1369655746641_890950b89914fb596e54355804c55298_400_400

«ШӘКЕН ЖҰЛДЫЗДАРЫ» I АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

180 рет оқылды09.09.2015