Шоу-бизнес

Жандос Айбасов «Киношок-2015″ кинофестивалінде «Ең үздік ер адам ролі» аталымында жеңімпаз атанды

Қазақстандық актер Жандос Айбасов ТМД елдері арасында ұйымдастырылатын «Киношок-2015″ кинофестивалінде «Ең үздік ер адам ролі» аталымында жеңімпаз атанды.

Сарапшыларды 26 жастағы актердің «Кенже» фильміндегі ролі таңғалдырды. Кинода ол киллердің образын сомдаған болатын. «Кенже» ата-анасынан ерте айырылған ағайындылар туралы. Ауылдағы балалар үйіне орналастырылған бауырлар қалаға қашып кетеді. Арада біраз уақыт өткенде ағайындылар кісі өлтіруге тапсырыс қабылдап, табыс таба бастайды. Бас кейіпкерлер сатқындықты, түңілу мен қатыгездікті бастан өткереді. Есейген олар киллер болады.

Айта кетейік, фестивальдегі ең басты жүлдені қырғызстандық режиссер Мирлан Әджіхалықовтың «Көктегі қоныс» фильмі жеңіп алды. Ең үздік режиссер атағын «Модрис» картинасы үшін латвиялық Юрис Курситис иемденді.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Ермек Тұрсыновтың «Шал» картинасы «Киношок» жүлдесін жеңіп алған болатын. Ал басты рольдегі Ерболат Тоғұзақов ең үздік актер атанды.

tengrinews.kz

Пікір жазыңыз
Шоу-бизнес
201 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

2015-09-24 14.24.55

Зарина Омарова -20 кг

52 рет оқылды24.09.2015
pogudxt3sgvqg6kro.232ef6ee

Отандық жұлдыздардың бояусыз келбеті қандай?

442 рет оқылды23.09.2015
5ffwnAphfcg

Томи Асар шимайлары (Тамара Асардың тұшымды ойлары)

509 рет оқылды22.09.2015
76a491372568e8ea3ce8b3b459bbd87a

Әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығады

2 542 рет оқылды21.09.2015
PXEy40vxyGs

«EMA-2015» музыкалық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

1 108 рет оқылды21.09.2015
12547

«Bala Turkvizyon» байқауының жеңімпазы анықталды

765 рет оқылды20.09.2015