Лас-Вегаста күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды. Доданың соңғы күні еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық Артас Сана 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.
Артас Сана жұбаныш белдеуде болгариялық балуан Вангеловты 7:0 есебімен жеңді. Ал қола медаль үшін өткен белдесуде моңғолиялық Бехбаяр Эрденебатпен кездесті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіс моңғол балуанына бұйырды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Олимпиада лицензиясын грек-рим күресінен Досжан Кәртіков иеленген болатын. Ол жұбаныш кездесуінде 2014 жылғы Әлем чемпионы Арсен Жулфалакянды 5:0 есебімен жеңген.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS