Бүгін Арал ауданының тумасы, ҚР Халық әртісі, «Тамаша» әзіл-оспақ театрының тарланы Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаевқа Арал қаласынан көше аты беріліп, ас берілді.
Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Осы шараға Қ.Сұлтанбаевпен бірге еңбек еткен әріптестері Тұңғышбай Әл-Тарази мен Асылбек Боранбаев, үзеңгілес жора-жолдастары келді.
Сондай-ақ, Арал қаласының мәдениет үйінде өткен еске алуға арналған кешке ақын Шөмішбай Сариев, Ж.Сейдоллаұлы, М.Садуақасова, Ж.Ысқақова, Г.Оразымбетова, А.Еңсепов, Ө.Айниязов және басқа да эстрада жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері қатысты.






Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS