Жаңалықтар

«Bala Turkvizyon Қазақстан» байқауында Алматы қаласының намысын қорғайтын жеңімпаздар анықталды

     Кеше Алматы қаласы, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Bala Turkvizyon Қазақстан» Халықаралық балалар әні байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі өткізіліп, аймақтық жеңімпазы анықталды.

     Аймақтағы әр іріктеу түрлі қызықтарға толы. «Bala Turkvizyon-Қазақстан» қатысушылар мен олардың жақындары үшін үлкен мерекеге айналуда. Алматылық іріктеу де өз ерекшелігімен есте қалды. Таңертеңнен бастап өнерпаздар байқау күнделіктерінің түсіріліміне, қызықты флешмобтарға, сыйлығы бар промо-акцияларға  қатысты. Олармен бірге аниматорлар, режиссерлер мен жүргізуішілерден құралған шығармашылық топ жұмыс жасады.

      Алдымен өнерпаздар Студенттер сарайының алдына «кабриолет» көлігімен, таң қалдырып келген, «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының символы Экошаны қарсы алып, танысу мүмкіндігіне ие болды. Экоша барлық қатысушымен жақынырақ танысып, бірге суретке түсіп, сәттілік тілеп, балалардың көңіл-күйін әбден көтерді. Естеріңізге сала кетсек,  Экошаның кішкене көшірмесі жартылай финалға өткен жеңімпаздарға «Жұлдызды үйге» жолдама ретінде табыс етіледі. Алматылық жас өрендерге ең басты сыйлық — жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп,  байқау алаңына «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының бастамашысы, «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева келуі. Халықаралық балалар әні байқауы — Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының жобаларының бірі. Білім, мәдениет, қайырымдылық саласындағы әлеуметтік жобаларды қолдау, жүзеге асыру және жарыққа шығару. «Жандану әлемі» қорының басты мақсаты болып саналады.

Әлия Нұрсұлтанқызы байқауға келген қатысушыларға, ата-аналарға, қонақтарға:

       «Bala Turkvizyon» — бұл өз ерекшелігі бар байқау. Осы жылдың қыркүйек айында қазақ тіліндегі жаңа 16 ән пайда болады. Әндерді қазақстандық сазгерлер мен ақындар жарыққа шығарады. Жаңа әндер топтамасын Республикамыздың балабақшалары мен мектептеріне тарту етеміз. Жаңа туындылар балапандарымыздың жүрегіне жол тартып, оларды отанды, отбасыны сүюге, тарихы мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға шақырады.

   Құрметті, балалар! Бұл байқау сендер туралы және сендерге арналған! Сендердің алар асуларың әлі алда.  Қазір жазғы демалыстың ең қызған шағы. Күн нұрындай құлпырып, армандаудан шаршамаңдар! Ол армандар әрқашан орындалады. Біз сіздерді жақсы көреміз және үлкен сенім артамыз!» деп өз тілегін жолдады

            Өнерпаздарға қолдау көрсетіп, үздігін таңдауға Алматы қаласы бойынша тәлімгер «Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан және қолдау көрсетіп әнші Есболат Беделхан, музыкалық продюсер Сұлтана Қаражігітова келді. Әрбір қатысушы марапатқа, құрметке ие. Олар Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының «Bala Turkvizyon» Ұлттық іріктеуінің қатысушысына арналған сертификат пен Ұлттық іріктеу әнұраны жазылған CD-дисктерге, сыйлықтарға ие болды.

            Өнерпаздарға қолдау көрсетіп, үздігін таңдауға Алматы қаласы бойынша тәлімгер «Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан және қолдау көрсетіп әнші Есболат Беделхан, музыкалық продюсер Сұлтана Қаражігітова келді. Әрбір қатысушы марапатқа, құрметке ие. Олар Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының «Bala Turkvizyon» Ұлттық іріктеуінің қатысушысына арналған сертификат пен Ұлттық іріктеу әнұраны жазылған CD-дисктерге, сыйлықтарға ие болды.

        Алматылық аймақтық іріктеуге алғаш рет қыздардан құралған квартет өнер көрсетті. Он жастағы Ақжарқын, Жансая, Сабрина және Лаура «Жеңіс» тобының әншілері.  «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауына қатысуға топ жетекшісі Жеңіскүл Махамбетова төрт қызды таңдаған екен. Ұлы жеңістің 70 жылдығына арнайы құрылған топ, тек патриоттық бағыттағы, қазақ тіліндегі әндер орындайды. Байқауға топ ретінде қатысуға рұқсат етілгенімен, тәлімгерлер қыздарға жеке ән салуларын сұрады.

     А.Жұбанов атындағы музыка мектебінің шәкірттері, ұлдардан құралған квартет мүшелері де топтан бөлек өздері де жеке әнші ретінде өнерлерін көрсетті. Азамат, Санжар, Еркебұлан және Азамат ерекше дауыс иелері, сонымен қатар,  олар әртүрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнайды. Міне, осындай дарынды топ мүшелерін тыңдап отырған қазылар алқасы жеңімпаз ретінде трио таңдауды жөн көрді. Бұл барлығы үшін күтпеген шешім болды. Өйткені, бұған дейін басқа аймақтағы тәлімгерлер тек жеке орындаушыны таңдағанды жөн көрген. Байқау шарты бойынша тәлімгер жеке орындаушы, дуэт, трио, квартет таңдау өз еркінде. Алматы қаласының тәлімгері, топтың болашақ продюсері Ерболат Беделхан қыздар тобын байқаудың жартылай финалына дайындауға бел буды. Жеңімпаз қыздар: Айдана Жұмағұлова (13 жас), Дана Әли (12 жас), Ақерке Сүлейменова ( 13 жас). Айдана көп балалы отбасыдан, іш жасынан бастап ән салады. Дана фортепиано және вокал сыныптарында музыкалық білім алуда. Ақерке кішкентай болса да, «актриса» атанып үлгерді. Бүгінге дейін Ақеркені «Елбасы жолы» киноэпопеясында кішкентай Дариға Назарбаеваның рөлінен және «Тракторшының махаббаты», «Ғашық жүрек» фильмдері арқылы халық танып үлгерді. Өнерлі қыздар тамыз айында, Алматы қаласындағы «Жұлдызыды үйге» орналасып, Астанада өтетін жартылай финал мен финалға дайындалады.

      «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының келесі аялдамасы — Ақтау қаласы.

unnamed

hWcH-Gtb5Ig

pPa4Snkb1Ws

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_54015

Бокстан əлем чемпионы Біржан Жақыпов Рио Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

54 рет оқылды11.07.2015
603fdbf6750e57deea464d4821e6b628

«Тақиялы періште 2″ фильміне актер керек

155 рет оқылды10.07.2015
загруженное-15

Бейбіт Шүменов WBA бойынша ТОП-15 рейтингінде көш бастап тұр

273 рет оқылды10.07.2015
1430266307us3xy-620x400

Батырхан Шүкеновтың баласы Нью-Йоркте өткен әкесінің еске алу кешіне барды

496 рет оқылды10.07.2015
61EWSDTBVP8

Ринат Зайытов: «Менің құдай берген жалғыз мемлекетім бар!»

808 рет оқылды10.07.2015
1594

Жамбыл облысының әкімі Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік кілтін тапсырды

352 рет оқылды10.07.2015