Астана әуежайының басшылығы осыдан бірнеше күн бұрын болған оқиғаға байланысты Головкиннен кешірім сұрады.
«Vip-залдан арнайы тізімге енген мемлекеттік тұлғалардан басқа адамдар ақысын төлеп өтуге тиіс. Ақысын төлеу ұшып келетін уақыттан бұрын жасалуы керек. Сол күні боксшы ұшып келерден бұрын әуежайға оны vip-залдан өткізуге тапсырыс түскен. Бірақ, болған жайт әуежай қызметкері қателігінен орын алған. Осы ретте әуежай қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылды. Геннадий Головкиннен кешірім сұраймыз» делінген Астана Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын туған жеріне ұшып келген боксшыны Астана әуежайындағылар VIP-зал арқылы өткізбей, жұрт алдында жанжал тудырған болатын.


nur.kz



Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS