Гостиницы в Алматы
2017-06-25 23:05:46 20 0

Ресейлік ММА спортшысы Федор Емельяненко америкалық Мэтт Митрионнан бірінші раунда жеңіліп қалды. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.  Bellator 180  турнирі барысында екі спортшы арасындағы кездесу Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтті. Жекпе-жек басталысымен қос спортшы да бір-бірінің жағынан дөп соққы жасаған, екеуі де құлап қалды. Алайда Митрион орнынан тұрып үлгеріп, Емельяненконы соққының астына алды. Рефери кездесуді тоқтатты.

Айта кетейік, Емельяненко карьерасын аяқтамайтынын мәлім етті. Тек оның келесі-жекпе жегі дәрігерлердің тыңғылықты тексеруінен соң белгілі болады.

Пікір жазу