Гостиницы в Алматы
2017-04-22 16:19:10 14 0

"Астана" командасының велошабандозы, 37 жастағы Микеле Скарпони қаза тапты, - деп хабарлайды vesti.kz сайты.

 Спортшы жаттығу жасап жүргенде, жүк көлігі қағып кеткен. Көлік жүргізушісі спортшыны байқамай қалған. Велошабандоз оқиға орнында қаза тапты.

Микеле Скарпони 2010 жылға дейін италиялық командалардың атынан құрлықтық жарыстарға қатысқан.

Ол Джиро д’Италия кезеңдерінде және Тиррено-Адриатико 2009             жарысында             жеңіске         жеткен.

Қаза тапқан 37 жасар спортшының артында әйелі мен екі баласы қалды.

 

Пікір жазу