Гостиницы в Алматы
2017-04-22 15:53:37 201 0

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында 12 мамырда сағ. 17.00-де көрнекті актер, Қазақстанның және КСРО  халық артісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтой кеші өтеді.

Халық артісі 1937 жылы 8 мамырда дүниеге келген. 1964 ж. бері М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында үзіліссіз еңбек етіп келеді.

Отыздан аса  фильмге түскен Асанәлі Әшімовті ел «Қыз Жібектегі» Бекежан рөлімен таниды. Ал, «Атаманның ақыры» мен «Транссібір жүрдек пойызындағы» бейнелері актерді шет елдерде танымал етті. Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында дәріс беріп, театр өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген көптеген шәкірттерді тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.

Асанәлі Әшімовтің ұлттық өнерге қосқан орасан зор еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстанның халық артісі (1976), КСРО халық артісі (1980), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығымен (2000), «Отан» (2001), «Құрмет» (2007), «Парасат» (2007), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет үздігі» төсбелгісімен (2012), және «Достық» (2014) Ресей Федерациясының М.Ломоносов атындағы (2007) және ЮНЕСКО -ның «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған.

Дереккөз: baq.kz

Пікір жазу