Гостиницы в Алматы
2016-04-29 20:42:08 640 0

Елдің сүйікті тобы "МузАрт"- 15 жаста. Әсем әндерімен талай жанның жүрегіне жол таба білген топ 2001 жылдың сәуір айында құрылған. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев бірігіп трио ретінде «Сенің көзің» әнімен үлкен сахнаға шықты.

"МузАРТ" тобының барлық әндері хитке айналған. Топтың 15 жылдық мерейтойына орай, Baistars.kz сайты "МузАРТ-тың" 15 үздік әнінің тізімін ұсынады.

1.Сенің көзің

2. Анаға Сәлем

3. Сен келерсің

4. Менің жүрегім

5. Есіңе ал

6. Жайлаукөл кештері

7. Жалғыз досым

8. Махаббат гүлі солмайды

9. Сағындым Алматымды

10. Бар ма менiң жазығым

11. Есіл ағады

12. Таң сыры

13. Ол көктем оралмайды

14. Күзгі бақ

15. Қазақтай ел қайда

"МузАРТ" – көне түркі тілінен шыққан, "УЗ" – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді. Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді.

"МузАРТ" тобын желі қолданушылары жарыса құттықтап, шығармашылықтарына табыс тіледі.

Айта кетейік, «МузАРТ» тобының әншілері Сәкен Қордабайұлы Майғазиев, Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбіловтер «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері болып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері атанды. Алтын Самұрық «Ұлттық үздік әнші жүлдесі» жобасының он үздігінің қатарына енгені үшін марапатталды. 2013 жылы қыркүйекте MUZZONE телеарнасынын ЕМА премиясында МузАРТ тобы "Үздік ұжым" номинациясын жеңіп алды.

Пікір жазу