Гостиницы в Алматы
2017-12-12 15:07:08 130 0

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

Жыл сайын ұйымдастырылатын «O ses Türkiye» (Бұл Түркия дауысы) әйгілі ән байқауының алғашқы турынан отандасымыз Әсет Закиров мүдірмей өтті. Ол байқауда америкалық әнші Джон Леджендтің «All of me» атты лирикалық әнін шеберлікпен орындап, қазылар құрамындағы екі әншінің назарын аудартты. Отандасымыздың өнеріне тәнті болған Түркияның белгілі әншісі Хадисе Ачыкгөз (Hadise Açıkgöz)  сахнаға шығып, әнді дуэт болып орындады.  Бұл жайында massaget.kz хабарлады. Джон Леджендтің «All of me» әні туралы Әсет: «Бұл – тыңдарманның сезімін селт еткізіп, жүректегі мың сан иірімдерді қозғайтын ән. Өз болмысыма жақын болғандықтан байқауда орындауды жөн деп таптым. Түрік тыңдармандарының жүрегіне жол тауып, еңбегімді бағалағанына қуаныштымын», – дейді. Бүгінде отандасымызды Түркияның түкпір- түкпірінде оқып жүрген жүздеген қазақстандық жастар қолдауда. «O ses Türkiye» ән додасының келесі туры қаңтар айында ұйымдастырылмақ. 

Айта кетейік,  Әсет Закиров  – 1993 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар бөлімін аяқтаған. 2016 жылдан бастап Түркияның  Хажеттепе университетінің Халықаралық қатынастар мамандығында магистратура бойынша білімін алуда.

Пікір жазу