Гостиницы в Алматы
2018-01-05 17:26:59 56 0

ДЕНИС ТЕН: ОЛИМПИАДАҒА ДЕЙІН БАБЫМДА БОЛАМЫН ДЕП СЕНЕМІН

 Ақпан айында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Бұл додаға мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан үш спортшы қатысады. Соның бірі – Денис Тен. Мәнерлеп сырғанаушы тамыз айындағы Оңтүстік Кореядағы шоу алдында жарақат алған ол, қазіргі уақытта қысқы олимпиадаға дайындық жүргізуде.

   Шанхайда өткен турнирдің қола жүлдегері атанған спортшы instagram желісіндегі парақшасында Олимпиадаға дайындығы мен жарақаты жайлы айтты. «Жарақатымнан айығу үшін емделіп жүргеніме 150 күндей уақыт өтті. Физиотерапия, тоқсан сайын екпе жасатып, сіңірімді қалпына келтіру үшін залда жаттығулар жасаудамын. Бүгін МРТ (Магнитті-резонандық томография) сіңірлерімнің қалыпқа келіп, сүйік арасындағы қанды сүйелдің азайғанын көрсетті. Біріншісі аяғымды басуға кедергі келтірсе, екіншісі ауыртатын еді. Жарақатымнан толық айығу үшін шамамен 6 айдай уақыт керек. Бірақ Олимпиадаға дейін бабымда боламын деп сенемін. Бұған дейін мен салмақты тек оң аяғыма түсіре алатын едім. Қазір екі аяғыммен де секіре аламын. Дегенмен әлі де ауырады. Бірақ жаттығуды күрделендіре беруге болады. Мұндай көрсеткіштің өзі керемет емес шығар, алайда 3 апта бұрын Лутц жаттығуын (оң аяғымен орындалатын жаттығу) және Флип жаттығуын орындай бастадым (Франциядағы гран-при бәсекесінде). Енді білек сыбана жаттығуға кірісетін кез келді. Бұл мені қуанышқа бөлейді", - деп жазды Денис Тен.

Айта кетейік, Пхенчхандағы олимпиадаға Қазақстаннан үш мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Ерлер арасында Денис Тен болса, қыздар арасында Элизабет Тұрсынбаеваның барады.

Пікір жазу