Гостиницы в Алматы
2018-01-05 17:37:41 59 0

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ ФИЛЬМІ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН БАСЫП ОЗДЫ

“Бизнес по-казахски” кинокартинасының жалғасы ретінде түсірілген Нұрлан Қоянбаевтың “Бизнес по-казахски в Америке” фильмі көрсетілімге шыққан алғашқы аптада-ақ өз шығынын ақтап алды. Сөйтіп, аталмыш туынды елімізде ең көп қаралған кинофильмдер көшін бастады. Бұл жайында Қоянбаев: “Қазақ киносы  тариxта алғаш рет шетелдік кинолардан озып, бірінші орынға шықты! Қолдауларыңызға көп-көп раxмет, қазақ киносы жасай берсін!” – деп бөлісті өзінің инста-парақшасында.

Қоянбаевтың айтуынша, “Бизнес по-казахски в Америке” кинокартинасы табысы бойынша, тіпті америкалық “Джуманджи” және ресейлік “Елки новые” фильмінен озып кеткен.

Пікір жазу