Фильмнің сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург, режиссер Ғазиз Насыров пен кинодраматург, өнертанушы Ерлан Төлеутай.
Фильмді түсіру барысында Қытай мен Ресейдің мұрағатынан Қазыбек биге қатысты деректер мен ел аузындағы аңыздар қолданылған. Ал кейіпкерлерді еліміздің театр және кино актерлері сомдаған. Қазыбек бидің рөліне ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, Керей хан рөлімен қалың көрерменге танылған Қайрат Кемалов шақырылған.
Сонымен қатар, фильмде Алдабек Шалбаев, Саят Мерекенов, Іңкәр Әбдіраш, Зарина Кәрмен және Абылай ханның ұрпағы Абылай Қашқынбаев та бой көрсеткен.