Гостиницы в Алматы
2017-08-08 12:58:18 14 0

Филиппинде өткен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

Чемпионаттың финалына еліміздің 8 бірдей боксшысы шықты. Олардың ішінде Махмұд Сабырхан (48 кг), Бейбарыс Жексен (52 кг), Айтжан Әшірхан (54 кг), Ерасыл Жақпеков (70 кг),Қуандық Мақсұт (75 кг) пен Сағындық Тоғамбай (80 кг) алтын олжалады, ал Ақылбек Мұхтаров (46 кг) және Бекзат Ерімбет (60 кг) күміске ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы алты алтын және екі күміс, екі қоламен командалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында -Өзбекстан құрамасы. Олар үш алтын мен үш күміс алды. Ал жапониялық боксшылар екі алтын мен бір күміс медальмен үшінші орынды қанағат тұтты.

Пікір жазу