Гостиницы в Алматы
2017-08-10 16:49:10 23 0

АТЫРАУДА «ATYRAU SPORT FEST 2017» СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

19-шы тамыз «Спорт күніне» орай Атырау облысында жекпе-жек түрлерінен «Atyrau Sport Fest 2017» спорт фестивальі өтеді.

Айтулы шара спорттың 16 түрі бойынша өтеді: таеквондо, бокс, дзюдо, ММА, жекпе-жек, әскери самбо, каратэ, кикбоксинг, муай-тай, панкратион, грек-рим күресі, джиу-джитсу, самбо, каратэ кикушинкай, еркін күрес.

Спортшылар 16 шет мемлекеттен (Бразилия, Иран, Морокко, Испания, Тайланд, Түркия, Корея, Бельгия, Польша, ӘЗірбайжан, Грузия, Ресей, Украина, т.б) келген спортшылармен сынға түспекші.

19 тамыз күні 18:00-де мұз сарайында өтетін фестивальда Атыраудың ең мықты деген спортшылары бақтарын сынамақ. ММА спортынан жергілікті спортшы Исатай Теміров Бразилиялық Фортунато Лапомен күш сынасады. Муай спортынан Ищан Галиев, кикибоксингтен Сәлімгереев Жанәлі, бокстан Амандық Манашев, дзюдодан Асхат Тельманов, жекпе-жектен Ануарбек Батаев секілді Атыраудың бетке ұстар спортшылары сайысады. Таеквондо спорты ерекше өтейін деп тұр. Қазақстан құрамасы мен бес елден келген «әлем» құрамасы командалық сайыста сынға түседі.

Одан бөлек Қазақстан эстрадасының жұлыздары, кішкентай спортшылардың өнері көрсетіліп, лазерлік шоу өтеді деп жоспарлануда.

Пікір жазу