Гостиницы в Алматы
2016-01-25 12:18:48 1607 1

Таныман КВН-ші әрі ресейлік «Интерны» сериалының жұлдызы Азамат Мұсағалиев ұлтына қатысты қойылған сұрақтардан мезі болғанын айтты. Facebook әлеуметтік желісінде таралған видеода ол «Не болып кетті? Википедиядан оқи салсаңыздаршы, бар ғой мәлімет. Шаршамадыңыздар ма? Қазақпын ба, жоқ па, қазақша сөйлейсің бе, сөйлемейсің бе... Бір сарындағы сұрақтар...» дейді.

Одан кейін Мұсағалиев өзінің қазақ екенін, тіпті қай руға жататынын да айтып береді. «Мен – қазақпын. Руым – Адай. Тоқтамыс Адай. Не керек енді. Болды ғой... Қалғаны маңызды емес», - дейді Азамат.

Айта кетейік, Азамат Мұсағалиев Астрахан облысының атынан «Камызяк өлкесінің КВН құрамасы» құрамында өнер көрсетіп, танымал болған. Қазіргі уақытта ол «Интерны» комедиялық сериалында қу әрі айласы көп Тимур Алабаевтың ролін сомдайды.

[video width="128" height="240" mp4="http://new.baistars.kz/wp-content/uploads/2016/01/12619366_631584373647320_343724408_n.mp4"][/video]

Пікірлер

  • Жанна
    Қазақ болғанымен өзі айтпақшы "я душой русски" демекші əркімнің өз таңдауы бар.Əрине кімде болса да су ішіп отырған құдығына түкірмес оныкіде жөн.Расында да мезі болған шығар.Қазағымнын ұлдары қайда жүрсе де не деседе аман жүрсінші.

Пікір жазу