Гостиницы в Алматы
2017-10-23 16:59:39 114 0

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕАТР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕМДЕНДІ

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Македонияда мәреге жеткен «Стоби - 2017» халықаралық театр фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл жайында ҚазАқпаратта хабарланды.

Батысқазақстандық театр Х.Мюллердің «Филоктет-Медея» трагедиясымен айтулы өнер додасына қатысты. Қойылымның режиссері - белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.   Аталмыш фестивальде сондай-ақ театр актері Салауат Түменов «Ең үздік ер адам», ал ҚР мәдениет саласының үздігі Нұргүл Жұбатова «Ең үздік әйел образы» аталымы бойынша үздік атанды.

Еске сала кетейік, батысқазақстандық театр аталмыш фестивальде осымен екінші рет бас жүлде иегері атанып отыр. Театр бұдан бір жыл бұрын Македонияның Велес қаласында өткен «Стоби - 2016» антикалық драма театрларының ХV халықаралық фестивалінде де үздік шыққан болатын.

Пікір жазу