Гостиницы в Алматы
2016-11-11 11:57:08 19 0

Орта салмақ бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин демалыстан соң жаттығу залына оралғандығын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF, WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин Келл Брукты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Кездесу Лондонның беделді спорт алаңдарының бірі О2 спорт кешенінде өткен еді.

«Маған болмысымды сақтап отыру керек. Жаттығу кезінде біз көңілді болуға тырысамыз. Мен де демалу үшін біраз уақыт болды. Демалыста өз отбасыммен болдым. Енді дайындығымды шыңдайтын уақыт келді. Боксқа оралар уақыт жетті. Кәсіби боксшы ретінде өз тұлғамды қалыпты сақтау үшін барынша тырысамын. Әзірге жұмысым өрге басып тұр. Мен барлығын жасауым керек», – дейді Головкин.

Пікір жазу