Гостиницы в Алматы
2016-01-28 16:33:55 1108 0

Елбасының БАҚ беттерінде жарық көрмеген суреттері ғаламторда әр апта сайын жарияланып тұратын болады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Бұған дейін елбасының бейресми суреттері "Президент: бейресми ракурс" деген кітапта жинақ болып шыққан. Енді солардың кейбірін фейсбуктегі "АkordaPress" ресми парақшасының және инстаграмдағы @Akordapress аккаунтының жазылушылары тамашалай алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Елбасы әлеуметтік желілерге қатысты пікірін білдірген болатын. Ол әлеуметтік желілерді адамдардың пікір алмасуына ұйытқы болатын алаң деді және ғаламторда талқыланатын өзекті мәселелер жайлы хабардар жүретінін айтты.

Пікір жазу