эфирінде кәсіпқой бокс көрсетіледі. Шаршы алаңда кіші Флойд Мэйвезер
мен Конор МакГрегор кездеседі. Бұл спортшылардың кездесуі XXI ғасырдың
басты оқиғасы, ал бокс сүйер қауым үшін ұзақ күткен жекпе-жек болмақ.
Жұдырықтасу Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренасында өтеді.
Кеште боксшылар 69,8 кг салмақ дәрежесінде жеңілдетілген қолғаптармен
ағылшын ережесіне сай жұдырықтасады.
Айта кетейік, осы жігіттердің
құрметіне арнайы WBC белбеуі жасалды. Белбеу қолтырауынның терісінен,
3360 бриллиант, 600 жақұт және 300 зүмірет (изумруд), сонымен қатар 1,5
келі таза 24 қарат алтыннан жасалған. Сондықтан «Money Belt» («Ақшалы
белбеу») деген атауға ие болды.
Кіші Флойд Мэйвезер – 40 жасар америкалық боксшы, 5 салмақ
дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы, кәсіпқой бокс тарихындағы ең
қымбат спортшы. Лақап аты - «Pretty Boy» (Әдемі жігіт).
«Мен өз ісімнің, Конор – өз ісінің үздігі. Жүздеген қарсыластарыммен
кездестім, бірақ олардың ешқайсысы мені жыға алмады. Бұл ақыл, IQ және
сабырлық деп аталады. Конор бар күшін салады, сондықтан оңай болмайды.
Дегенмен Пакьяода да, «Канело» Альваресте де және Шейна Мослиде
жойқын соққы болды, бірақ сол соқыларға қарсы тұрған менің жағым да
мықты» - деді баспасөз-конференциясы барысында кіші Мэйвезер.
Конор МакГрегор – 29 жастағы ММА бойынша ирландиялық спортшы,
жеңіл салмақта UFC чемпионы. Лақап аты – «The Notorious».
«Мен сабырлы және салқынқандымын. Өз ісіммен айналысуға
дайынмын. Денім сау, дайындығым жақсы және аяушылық білдірмеймін.
Менің ойымша оны бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберемін. Бұл мен үшін
қарапайым күн, қарапайым-жекпе- жек», - деп ой бөлісті Конор МакГрегор.
2017 жылдың 27 тамыз (жексенбі) күні 08:00-де. Флойд Мейвейзер
– Конор МакГрегор.