Гостиницы в Алматы
2016-10-17 10:19:14 1070 1

Қазақстандағы ең танымал әншілер – Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас бірігіп ән жаздырды. Әзірге жаңа туындының атауы да, тыңдарманға нақты қашан ұсынылатыны да белгісіз.

«Дуэт» жазылды. Алла қаласа сіздерге ұсынамыз», – деп жазды Беспаев желідегі парақшасында. Ал Қайрат Нұртас Мейрамбек Беспаевпен бірге ән айқанына қатты қуанған ұқсайды. Өз сөзінде ол бұл күннің оның өмірінде алар тарихи мәні бар екенін атап өтті.

Тыңдармандар қос әншінің жаңа туындысын асыға күтуде. Көпшілік екеуінің де қазақ өнері тарихында өшпестей із қалдырғанын айтып, жаңа туындының сөзсіз хит болатынына сенім білдірді.

Ақпарат:  Stan.kz

Пікірлер

  • Жарайсыңдар жігіттер. Мейрамбек қазақтың бір туар азаматы.

Пікір жазу