Гостиницы в Алматы
2016-12-17 10:13:41 297 0

Тұңғышбай Жаманқұловтың жұбайы, театр актрисасы Дәрия Жүсіптің сахналық образыҚазнет аудиториясының сынына ұшырады.

Белгілі актриса Салтанат Бақаева Instagram-дағы парақшасында Томирис» спектакліне шақырып, басты рөлді сомдайтын Дәрия Жүсіптің суретін жариялаған болатын. Алайда Дәрия Жүсіптің суреті қолданушылардың наразылығын туғызған. Олардың айтуынша, қазақ әйелдерінің төсін ашуы – өте ерсі қылық.

«Алла Тағала образ-побраздарыңды түсінбейді ғой уақыты келгенде», «Қазақтың қыздарына өте ұят омырауын көрсету, намыс жоқ екен, неменеге жетісіп отырсың?», «Омырауы сонша ашық, кішкене жабу керек еді» деген пікірлер жарияланды.

Пікір жазу