Гостиницы в Алматы
2017-07-26 15:25:50 19 0

Ел біріншілігінде өнер көрсететін алматалық "Қайраттың" жаңа бас бапкері болып испаниялық маман Карлос Алос Феррер тағайындалды. Бұл жайында vesti.kz мәлімдеді.

Ферердің тағайындалғаны туралы клуб басшысы Қайрат Боранбаев өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Испаниялық маман "Қайраттың" тізгінін маусымның соңына дейін ұстайтын болады.

"Біздің клуб Карлоспен бірнеше уақыт бойы жақсы қарым-қатынаста болып келді. Негізі біз оны жылдың соңында командамызға шақырғымыз келген Бірақ клубта болған соңғы жағдайларға байланысты біз бұл маманды қазір шақыртуға мәжбүр болдық. Келісімшарт жыл соңына дейін жасалды.

Біздің жағдайымызды түсініп, Феррерді Қазақстан жастар құрамасында қызметінен босатып, бізге көмектескені үшін Қазақстан футбол федерациясына алғыс біледіреміз. Барлығымызға сәттілік тілеймін!", - деді Боранбаев. 

Пікір жазу