Гостиницы в Алматы
2016-12-11 01:26:07 202 0

Шоумен Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" қатысушыларын сынап тастады

Қазақстандық танымал шоумен, әнші әрі актер Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" сұлулық байқауының қазылар алқасының мүшесі бола отырып, конкурсқа қатысушыларды сұлулық байқауларынан гөрі білім конкурстарына ден қоюға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аруы-2016" конкурсының сегіз финалисі іріктелгеннен кейін әрбір қатысушыға білімін тексеру үшін жеке-дара сұрақ қойылды. Астаналық ару Елназ Нұрсейітоваға қазылар алқасының мүшесі Әнуар Нұрпейісов сұрақ қойды.

"Елназ, өткен жылы "Қазақстан аруы-2015" байқауының финалын көрген шығарсыз, мен "Сүйікті кітабыңыз қандай?" деген сұрақ қойғанмын. Қатысушы ешқашан кітап оқымағанын айтып, жауап берді. Ең сұмдығы, ол "Қазақстан аруы" атанды. Қызықтың көкесі де осында. Халықтың қалай дауыс бергенін білмеймін, расында. Қазір мен сізге осындай сұрақ қойғым келіп тұр: Сіз тұрмысқа шықтыңыз делік. Бүгін де шығып қаларсыз, кеш емес, - деп әзілдеді шоумен. - Бала босандыңыз делік, тәрбиелеп, өсіресіз. Сосын балаңыз сізден "Анашым, оқитын үш кітаптың атауын айтшы" деп сұрайды".

Елназ өз баласына Әбдіжамал Нұрпейісовтің (бастапқыда қатысушы қыз оны Әнуар Нұрпейісов деп атап қалды) шығармаларын, Абай Құнанбаевтың кітаптарын және Мұхтар Әуезовтің "Абай жолын" оқуға кеңес беретінін айтты.

"Қыздар, сіздердің сұлулық байқауларына қатысуларыңыз, мына фейк-қастарыңыз, фейк-нөмірлеріңіз... Білімге ұмтылыңыздар! Біліммен, іспен жарысыңыздар. Біздің елге керек емес сіздердің мына..." - деп келе жатқан Нұрпейісовті конкурстың жүргізушілері бөліп жіберіп, әңгіменің тақырыбын ауыстыруға тырысты.

"Әнуар эфирге шыққысы келді - Әнуар эфирге шықты", - деді конкурстың жүргізушілерінің бірі Арнұр Ыстыбаев.

Еске салайық, конкурстың финалы кезінде тікелей эфирде екі бірдей үйлену жайлы ұсыныс айтылды. Біріншісі - қостанайлықАйткүл Нұрмановаға конкурстың жүргізушісі Сүндет Байғожин ұсыныс жасаса, екіншісі - белгісіз ер адам өзінің сүйіктісі, павлодарлық Айзат Қожабаеваға ұсыныс жасады.

Ал "Қазақстан аруы-2016" атағын қызылордалық Гүлбану Әзімхан жеңіп алды.

Пікір жазу