Гостиницы в Алматы
2017-04-17 17:51:45 122 0

Осыған дейін көпшілікке волейболшы Сәбина Алтынбекова өз брендін ұсынған болатын. Сол секілді бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай да өзіндік идеясымен жасалған киімдерін сатылымға шығарды.

Қазіргі уақытта киімдерді тек Алматы қаласының тұрғындары ғана ала алады. Бренд «NK Team» деп аталады.

Ол өзінің инста парақшасында: «БАРЛЫҒЫНА ҮЛКЕН САЛЕМ! Сіздерге қуана xабарлаймын, құрметті достар!

Көздеген мақсатына жеткен адам өз туындысын шығаруда. Сонымен өмірімде айналысатын, сүйетін ісіме үлесімді қосқым келді. Ойыма келгені, өз "Логотипіммен" және цитаталар идеясымен өсіп келе жатқан ұрпаққа - болашақ спортшыларға спорттық киім шығару болды. Бұл олардың алдына қойған мақсатына жетуге серпінді күш болып табылады деген сенімдемін»,- деді.

 

Пікір жазу