Гостиницы в Алматы
2017-09-25 12:29:50 12 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қайрат» футбол клубының спорттық базасымен танысты. Бұл жайында baq.kz мәлімдеді.

Сонымен қатар Қазақстан президенті Алматы Орталық стадионын жаңарту концепциясы және қалада жеңіл атлетикаға арналған инфрақұрылымды дамыту жоспарымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қайрат» футбол клубының академиясында тәлім алатын жасөспірім футболшылармен әңгімелесіп, олардан спорт пен оқудағы жетістіктері туралы сұрады.

"Спортпен жақсы айналысу үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Ең жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда Қазақстан тамаша нәтижелер көрсетіп жүр. Бізде бокстан, күрестен, жүзуден, жеңіл атлетикадан және басқа спорт түрлерінен олимпиада чемпиондары бар", - деді Мемлекет басшысы.

Пікір жазу