"Біздегілердің көбі ол секілді ақылды болғысы келеді. Біз 20 жасымызда шешкен есептерді ол 12 жасында шеше алады", - дейді вундеркиндтің курстасы.
Абзал бала кезінен оқуға үлкен құлшыныс білдіруде. Үш жасында ол әріп танып, жаза білді. Бес жасында бірінші сыныпқа барды. Оның ерекше ақылды бала екенін бірінші болып әкесі байқаған.
"Екі жасында ол тұрақта тұрған көліктерге қызығушылық танытты. Эмблемасы бойынша көлік маркаларын атап бергенімде, балам оны бірден жаттап алды", - дейді Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов.
Айта кетейік, Абзал Мырзаш - Қазақстан-британ университетінің тарихындағы ең жас студент. Жас дарын иесі екі-үш жылда университетті бітіруді жоспарлап отыр. Ол АҚШ-тың Массачусетс университетінде магистр мен доктор дәрежесін алғысы келеді. Ал, әлемдегі ең жас студент - америкалық Танишк Абраам. Ол жеті жасында барлық тестті беске тапсырып, университетке оқуға түскен.