Гостиницы в Алматы
2017-09-18 11:59:01 278 0

Алматыда «Қала күніне» орай  өткен, алтыншы Еуразиялық музыка сыйлығы «ЕМА-2017» байқауында «Үздік ән» және «Үздік ерлер ұжымы» номинацияларын «91» тобы еншіледі.

Сондай-ақ  10 номинация үшін 30 әртіс таласқа түсті. «Интернет таңдауы» номинациясы бойынша Ерке Есмахан желі қолданушыларының үздік орындаушысы деп танылды. Ерке Үздік «Хип-Хоп» жанры бойынша тағайындалған номинациясын «Баллер» жеңіп алса, «Үздік видеоклип» номинациясы бойынша «Кентал» озып шықса,  «Үздік орындаушы ер адам» номинациясын Әли Оқапов, қыздардан Луина жеңіп алды. «Үздік ұжым» номинациясы «БН» тобына бұйырса, Айрии «жылдың ерекшелігі» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Ал «Джейран» тобы «үздік бойжеткендер ұжымы» номинациясын еншіледі. Сонымен қатар,  «Үздік дуэт» номинациясы Алан Черкасов пен Сосо Павлиашвилиге бұйырды. Шоу бизнеске қосқан үлесі үшін Айжан Нұрмағамбетоваға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлық табыс етілді.  

Пікір жазу