«Сахнадан көрінбей кеткенім рас»,- деп өз әңгімесін бастаған Индира ханым, ұтымды ән мен жақсы бейнебаян, сапалы дүниені ұсынғысы келетінін жасырмады.
«Дегенмен, дәл қазір «Өнер мектебімнің» жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сахнадан шеттеп қалдым. Екі жұмысты қатар алып жүру отбасылы адамға қиындық туғызады екен. Өзіме сенімді көмекші тауып, жұмыстарды сеніп тапсырғаннан соң, сахнаға қайта бет түзедім»,-дейді.
«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Корей павилонының сенімді өкілі ретінде тағайындалғанын да әнші әңгіме арасында айтып қалды. «Сенімді өкілге тағайындауға, тікелей Корей елінен ұсыныс болды. Ал ол кісілерге сол елде оқитын менің тыңдармандарым айтқан секілді. Жалпы мақсат, Корей елін, мәдениетін көпшілікке таныстыру»,- деп қазіргі ЭКСПО-дағы тірліктерінен де хабардар етті.
Ал, «Жуық арада бейнебаян түсіру ойыңызда бар ма?» деген сұрағымызға: Қай әнші болса да бейнебаян түсіруді армандайды ғой. Ал менің көкейімде «Қазір түсірсем, тыңдармандарымның көңілінен шығады ма екен?»,- деген көлденең сұрақ бар. Не дегенмен жас та емеспіз, сахнадан алыстап қалғаным тағы бар. Махаббат жайлы әндер де, бейнебаяндар да көп болғандықтан, ел есінде ерекше қалатын туынды жасағым келеді. Алдағы уақытта «хит» әнге бейнебаян түсіріп, Алла қаласа тыңдармандарымды қуантарым сөзсіз»,-деді.
Индира ханымның «Өнер мектебінің» құрылғанына бір жылдан енді асыпты. Қазір тәй-тәй басып, аяққа тұрып келе жатқан мектепке, балақандар 5 жастан бастап қабылданады екен. Үйренушілерге барлық өнерді үйретуге тырысып жатқан мектептің шәкірттері жүлделі орындардан көрініп те үлгеріпті. «Мектеп түлектерін оқудан соң елеусіз қалдырмай, түрлі телеарналарға, фильмдерге ұсыныс тастап, балалардың ары қарай дамуына жағдай жасап жатырмыз»,- дейді басшы.
Әншінің айтуынша жақында мектепке спорт және сұлулық сырларын, қолөнер түрлері сабақтарын да енгізеді екен. Сондай-ақ мектепке дейінгі дайындық курстары да қосылмақ. Ал өнер мектебі қаламен тоқталып қалмай, қанатын Ақтау, Қарағанды, Қызылорда қалаларына дейін жаймақшы.
Бірнеше жұмысты қатар алып жүрген көпбалалы әншінің өнеріне сәттілік тілеп, біз де қоштастық.