Гостиницы в Алматы
2018-01-10 16:47:16 88 0

“ҚАЗАҚСТАН АРУЫ” АЙНҰР ТӨЛЕУОВА ЕКІНШІ СӘБИІН ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

«Қазақстан аруы – 2011» Айнұр Төлеуованың отбасында тағы бір сәби дүние есігін ашты.  Бұл жайында “Қазақстан аруы” байқауының желідегі ресми парақшасында: “Ал бізде қуанышты хабар. Біздің Айнұр Төлеуова, “Қазақстан аруы 2011″ екінші рет ана атанды. Шын жүректен құттықтаймыз”, – деп жазылса, ал Айнұрдың жары Мұхамед бұл күні жарының жанынан табылған. Бұл туралы Төлеуованың өзі инста-парақшасында: “Баршаларыңызға құттықтауларыңыз үшін көп рақмет! Сүйіктім, осындай қиын күні жанымда болғаныңа рақмет”, – деп бөлісті, жағымды жаңалығымен.

Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Мұхамед есімді азаматпен шаңырақ көтерген аруымыз, 2015 жылы ұл баланы өмірге алып келген болатын.

Пікір жазу